top of page

Экономика

Карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге банктер екі түрлі көмек ұсынуда

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төтенше жағдай мен карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлерге (шағын және орта бизнес) қосымша қолдау көрсету туралы бұйрыққа қол қойды.
Бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай және карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер банктік несиесі және жұмыс істеу үшін берілген шағын несиені өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесе оны қайта қаржыландыруға өтініш бере алады.
Егер төтенше жағдай және карантин кезінде кәсіпкердің қаржылық жағдайының нашарлауының объективті себептері расталса, несиелік мекеме шағын және орта бизнеске көмек көрсетудің екі түрін ұсынады.

Videogame on Screen
Videogame Console

Михаил Ломтадзе Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы деп танылды

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтингтік компаниясы жүргізген СЕО Survey 2020 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы болып танылды.
Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.

Қаржы саласына қатысты сұрақтарыңыз бар ма?

Байланыс
Экономика: Обзоры

Subscribe Form

Thanks for submitting!

77777777777

©2020 SMARTNEWS. Сайт создан на Wix.com

bottom of page